Адалдық сағаты
9 желтоқсанда әлемде Халықаралық сыбайлас жемқорлыққы қарсы күрес күніне орай мектебімізде 5 желтоқсан күні “Адалдық сағаты” аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы, Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі участкелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанттарының қатысуымен Ибитанова Әдемі Тыныбекқызы, Тлеухан Рустем Мухтарұлы 9 Ә сыныбына лекция өткізді. Мақсаты:
1.“Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп,пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.
2.Өз көзқарастарын білдіріп,дүниетанымдарын кеңейту.
3. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Сыбайлас-жемқорлық деген не?
“Сыбайлас-жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, “corruptio” деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ “corrumpire” түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.
ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”. #адалдық #сыбайласжемқорлыққажолжоқ #антикор