back-image
"Қарқаралы қаласының академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 ЖББ мектебі"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Қарқаралы қаласының академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 ЖББ мектебі"
Тәуелсіздік - тұғырым
11-12-2023 17:11
Тәуелсіздік - тұғырым

Қарқаралы қаласының академик Орынбек Жәутіков атындағы №1 ЖББ мектебінде 11-15.12 аралығында "Тарих. Тағылым. Тәуелсіздік" тақырыбында өтетін тарих пәні апталығы мен "Тарих толқынында" атты тарихи сауаттылық апталығының жоспарына сәйкес 11 желтоқсан күні  7 "А" сынып білім алушылармен "Тәуелсіздік - тұғырым" тақырыбында  1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушы  Канафина Береке Сайлауовнамен кездесу өткізілді.  Береке Сайлауовна Алматы қаласында 5 курс студенті  болып оқып жүргенде Л.И.Брежнев ( қазіргі Республика) алаңына барып көтеріліске қатысқанын, көтерілісшілер Д.Қонаевты билікке қайта қоюды талап еткенін айтты. Білім алушыларға сол күндердегі  көтерілістің  толықтай нұсқасын айтып берді. Білім алушылар өз сұрақтарын қойып,  сұхбаттасты. Желтоқсан оқиғасына қатысқан Қайрат, Сабира, Ербол, Ләззат сияқты  жалынды жастардың өмірлері Тәуелсіздік жолында құрбан болғаны айтылды. Сөз соңында Тәуелсіздік бізге оңай келмегенін айтып жеткізді. Білім алушыларға Тәуелсіздікті бағалап, Тәуелсіз елдің білімді, білікті, патриот ұрпақтары болу керектігін айтып жылы лебізін білдірді. Кездесуді өткізген 7 " А" сынып жетекшісі Садвакасова А.М

Новости