2023 жылдың 25 тамыз күні білім саласы қызметкерлерінің «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» дәстүрлі Республикалық тамыз кеңесі өтеді.
Аталған іс-шараға ауданның жалпы білім беру ұйымдарының педагогтары қатысып, отбасылық құндылық, құндылыққа негізделген білім беру тақырыбында республиканың әр өңірінен келген тамыз жиынына қатысушыларды көрме жұмысымен таныстырып, іс- тәжірибелерімен бөлісті. Біздің мектептің көркем еңбек пәні мұғалімі Мәлік Жомарт өз тәжірибесін ортаға салды.