Jқушыларға мектеп ұжымы атынан қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды
Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» - деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде мектебімізде құрмет, ынтымақтастық, әділеттілік, сыйластық, құндылықтарын дәріптеу мақсатында оқушыларға мектеп ұжымы атынан қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Барлық сынып оқушыларына және мектеп ұжымына, кіші қызметкерлерге ыстық бауырсақ үлестірілді. Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа?! Мейірімді, қайырымды, сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақ ниетпен жақсылық жасау, адамның ішкі дүниесінің байлығын, жан сұлулығын, парасаттылығын көрсетеді. Осындай акциялар әлі де жалғасын табады-деген ойдамыз.
gulsimkozhahmetova
@umckrg
@bahyt_himaldin