back-image
КГУ "Общеобразовательная школа имени Талгата Бигелдинова"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа имени Талгата Бигелдинова"
«ДОСБОЛLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН» АКЦИЯСЫ
23-01-2024 18:20
«ДОСБОЛLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН» АКЦИЯСЫ
 
оқушылардың позитивті қарым-қатынастары мен эмоционалдық әл-ауқатын дамыту мақсатында Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің балалар омбудсмендері бастамашылық еткен  «ДосболLIKE» бағдарламасының басталуын білдіреді.
Бастама достық, қауіпсіз кеңістік құру үшін ынтымақтастық арқылы позитивті қарым-қатынастың ең тиімді жолдарын іздеуде оқушылар қауымдастығын біріктіруге бағытталған.
 
АКЦИЯ ҰРАНЫ: Нағыз досыңның болғанын қаласаң – дос бол!
 
АКЦИЯНЫҢ МАҚСАТЫ:  мектеп ортасында жасампаз ұжымдық шығармашылық негізінде позитивті қатынастарды қалыптастыру үшін жағдай жасау
 
АКЦИЯНЫҢ МІНДЕТТЕРІ: 
Өзара шығармашылық іс-қимыл жағдайында оқушылардың, педагогтердің және ата-аналардың ынтымақтастығы үшін қажеттілікті қалыптастыруға жәрдемдесу
Шығармашылық ынтымақтастық негізінде оқушылардың эмоционалды әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін позитивті қарым-қатынастың тиімді түрлері туралы қатысушылардың түсініктерін кеңейту.
Шығармашылық ынтымақтастық негізінде оқушылардың эмоционалды әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін позитивті қарым-қатынастың тиімді түрлері туралы қатысушылардың түсініктерін кеңейту.
 
АКЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫЛАР:
Орта білім беру ұйымдарының білім алушылары:
Ата-аналар, педагогтер, еріктілер,  білім  беру ұйымының әлеуметтік серіктестері
 
ҚЫЗМЕТ ҚАҒИДАЛАРЫ: 
БАСТАМАШЫЛДЫҚ, ЕРІКТІЛІК, ЖАУАПКЕРШІЛІК, СЕНІМ,  ӨЗАРА КӨМЕК, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
 
АКЦИЯНЫҢ МАЗМҰНЫ:
Акция  2024 жылдың 17 қаңтары мен 17 ақпаны аралығында өтеді.
Акция оқушыларды мектеп ортасында достық қарым-қатынас орнатуда белсенді болуға ынталандырады. Оқушыларға мектеп холлының қабырғасына бекітілген стендте немесе үлкен плакатта қызықты іспен бірге айналысатын адамдарды табу ұмтылысы туралы ақпарат орналастыру ұсынылады. «Қалаймын-жасай аламын-жасаймын» формуласына сәйкес ортақ мүдделер мен бірлескен қызмет негізінде бірігу ұсынылады.
 
«ҚАЛАЙМЫН» – бұл қысқа мерзімге арналған нақты мақсат
 
«ЖАСАЙ АЛАМЫН» – бұл ортақ мақсатқа жетуге ықпал ететін өз ресурсын ұсыну
 
«ЖАСАЙМЫН» – бұл арманды жүзеге асырудың нақты қадамдары
 
Ақпаратты достық қолын бейнелейтін алақанның суретінде жазу керек
 
АҚПАРАТ ҮЛГІЛЕРІ:
 
ОҚУШЫЛАР ҮШІН: 
Қалаймын: экзотикалық жемістерді өсіруді (ананас, апельсин, лимон)
Жасай аламын: тұқым таба аламын
Жасаймын: өсімдіктер үшін қандай жағдай керектігін зерделеймін
 
ПЕДАГОГТЕР ҮШІН:
Қалаймын: театрланған қойылым ұйымдастыруды
Жасай аламын: сценарий жаза аламын
Жасаймын: репетиция жүргізу  үшін үй-жай дайындаймын.
 
АТА-АНАЛАР  ҮШІН:
Қалаймын: музыкалық топ құруды
Жасай аламын: домбрада, гитарада, пианинода ойнаймын
Жасасймын: ән жазамын.
 
ӨТКІЗУ ШАРТТАРЫ:
Акцияны өткізу мақсатына қол жеткізу үшін мыналар қажет:
Әкімшілік мүшелері, әлеуметтік, психологиялық қызметтердің қызметкерлері, шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтердің, ата-аналардың – АПҚО тыңдаушыларының, оқушылардың өзін-өзі басқару мүшелері қатарынан жұмыс тобын құру
Білім беру ұйымының ұжымын Акция өткізу мерзімі, оның мақсаты, міндеттері, мазмұны туралы ақпараттандыру
Акцияны өткізу бағыттары мен нысандарын еркін таңдау негізінде әр сыныптың  акцияға қатысуын көздеу
 
Әлеуметтік желілерде Науқан өткізудің табысты тәжірибесімен бөлісу –
 #dosbollike хештегін пайдалана отырып бейнероликтерді,
фотосуреттерді жариялау
 
АКЦИЯ ШЕҢБЕРІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ КӨМЕГІМЕН МЫНАДАЙ
БАҒЫТТАҒЫ ІС-ШАРАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУҒА БОЛАДЫ:
 
«ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ  ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ»:
театраланған қойылымдарды,  суреттер конкурсын, концерт, әдеби кештерді, қызықты  тұлғалармен кездесулер   ұйымдастыру және т.б.
 
 «КІШІ ЗИЯТКЕРЛІК АКАДЕМИЯ»:
сабақ оқуға көмектесу (жеке пәндер бойынша репетиторлық ету, танымдық қабілеттерін дамыту тренингтері, зияткерлік сайыстар, ойындар, викториналар).
 
«СПОРТТАҒЫ ДОСТЫҚ»:
Спорт жарыстарын, дене шынықтыру минуттарын, үзілісте қозғалыс ойындарын ұйымдастыру, денсаулыққа пайдалы гимнастикалық жаттығуларды және сауықтыру техникаларына үйрету
 
«ШЕБЕРЛЕР ҚАЛАСЫ»:
Кесте тігуге, тоқуға, кулинарияға, қолда бар материалдардан бұйым жасауға үйрету.
 
«КӨТЕРІҢКІ КӨҢІЛ-КҮЙ»:
тимбилдингтер өткізу,  ақ тілектер тарату, пайдалы кеңестері бар үнпарақтар, чек-парақшаларын дайындау, Акцияны қолдау үшін көңілді квестерді, флеш-мобтарды өткізу.
 
«ЕРІКТІЛЕР»:
жануарларға көмектесуді, іс-шараларды ұйымдастыру, ауланы тазалау, және басқа да еріктілер тірліктері.
 
ҚОРЫТЫНДЫЛАУ:
 
Акция қорытындысы бойынша «ДосболLIKE: достық қолын ұсын» челленджі өткізіледі.
Новости