back-image
Коммунальное государственное учреждение "Березняковская общеобразовательная школа" отдела образования Бухар-Жырауского района управления образования Карагандинской области

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Коммунальное государственное учреждение "Березняковская общеобразовательная школа" отдела образования Бухар-Жырауского района управления образования Карагандинской области
Тәрбие жұмысы
15-06-2022 09:41
Тәрбие жұмысы

2021-2022 оқу жылындағы  тәрбие саласы бойынша атқарылған жұмыстардың талдамалық есебі

Қазақстан Республикасында Білім беруді және ғылымды дамытудың  2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мектепте, мәдениетте, мінез-құлықта және басқалармен қарым-қатынаста көрініс  табатын құндылыққа бағдарланған тәсіл көрсетілген.  Құндылықтар білім беру ұйымдарындағы «Рухани жаңғыру»  бағдарламасын іске асыру жағдайында тәрбиеніңтұжырымдамалықнегіздері контекстінде оқу-тәрбие қызметініңнегізгі бағыттары ретінде айқындалды.  Бүгінгі таңда Қазақстанда  балалар мен жастарды тәрбиелеу жүйесін  жетілдіру бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізіліп жатыр, тәрбие  жұмыстары басым бағыт ретінде айқындалды.  Мектебіміздегі тәрбиелеудің әрбір бағыты «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттарын, тәрбиенің заманауи тұжырымдарын, білім мен тәрбиені дамытудың әлемдік үрдістерін (жаһандану, интернационалдандыру, кіріктіру, компьютерлендіру, цифрландыру, универсалдандыру және т.б.), тәрбиенің әдіснамалық негіздері мен қағидаттарын қамтитындай түсінік пен танымнан құралды.

2021-2022 оқу жылында тәрбие саласы бойынша мектептің тәрбие жоспары 8 бағыт бойынша жасалып бекітілген. Мектеп тәрбие жоспары негізінде сынып жетекшілерінің жоспары жасалды. 2021-2022 оқу жылында «Березняк жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 23 сыныпта 204 оқушы білім алды. Олардың 182 оқушысы 1-11 сыныптар ал, 22 оқушысы мектепалды даярлық сыныбы тәрбиеленушілері болды. Әрбір сыныпта өткізілетін ашық тәрбие сағаттары бекітілді. Үстіміздегі жылдағы короновирус инфекциясына байланысты мектепте жиын түрінде өткізілетін шараларға тиым салынған. Олар тек санитарлық талаптарды сақтай отырып, шағын топтық сыныптық деңгейде ғана өткізілді. Жаңа оқу жылы еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығына сәйкес келгендіктен биылғы тәрбие саласы бойынша өткізілген іс-шаралар патриоттық бағытта тәрбие беруге  басымдық берді.  Пандемиялық жағдайдың толық алынбауын ескере отырып, сынып жетекшілер арқылы ата-аналар назарына мектебімізде дәстүрлі оқыту кезіндегі санитарлық талаптардың сақталуын ескерту туралы жаднамалар жіберілді.   Санитарлық талаптарға сәйкес мектепте маска кию режимі сақталды, оқушылардың отыру арақашықтығы сақталды, кіру-шығу белгілері жаңартылып, кіреберісте сүзгі тексерістер жұмыс істеді. . Аудандық білім бөлімінен 500 маска екі рет, антисептик, және 5 кварц лампалары алынды. Кабинеттерді кварцттеу кестелері жасалды. Мектептің үш жерінде санитарлық бекет орнатылды. Онда келушілердің температурасы өлшеніп, дизинфекциялау жүргізіледі.  Бір партада бір оқушыдан отыруы қамтамасыз етілді. Мектепте қозғалу бағыттары көрсетілген нұсқаулар жасалды. Сынып жетекшілер арқылы әрбір сыныптарда антисептиктер орнатылды.

Әрбір жыл сайын республикалық шеңберде өтетін «Мектепке жол» акциясы мектебімізде дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Ондағы мақсат мектепке бекітілген аумақта оқумен қамтылмаған оқушыларды, бар болса, не себеппен мектепте оқумен қамтылмағандығын анықтау, оларға көмек көрсету болып табылады. Қыркүйек –қазан айлары шеңберінде жүргізілген айлық нәтижесінде мектепке белгісіз себептермен келмей жүрген оқушылар жоқ екені анықталды. Жалпы айлық шеңберінде мектеп оқушылары мен арнайы қайырымды жандардың көмегі арқасында 21 мың теңгелік қаражатқа мектепке қажетті құрал-жабдықтар алынып, 8 отбасы балаларына таратылып берілді. Ал, аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен жалпылама оқу қорынан мектептің 32 оқушысына заттай көмектер жасалды. Мектептің жетістіктер тақтасын жасау үшін мектепке көмекші демеушілер тартылып, 230000 теңге (екі жүз отыз мың теңге) қаражат тартылды.

Мектепте спорт секцияларынан футбол, волейбол үйірмелері және мектептен тыс жүргізілетін еркін күрес үйірмесіне мектеп оқушылары қатысады.  Бұл үйірмелердің жұмыс кестесі жасалған. Қатысатын оқушылар тізімі бекітілген.  Үйірмелер жалпы НОБД базасына толтырылған.  

Сонымен қатар мектеп медбикесінің ұйымдастыруымен мектеп ақпарат тақтасына короновирус белгілері, одан сақтану жолдары көрсетілген жаднамалық ақпарат мектепте орнатылды. Жалпы мектеп бойынша короновирустан сақтану жоспары жасалған. Сол жоспар бойынша жұмыс жасалуда. Балаларға бетпердені қанша уақытта айырбастау, оны дизинфекциялау жолдары, санитарлық талаптарды сақтау ережелері түсіндірілді.

Мектепте тәртібі қиын оқушылармен жұмыс бағытында да тұрақты жұмыстар атқарылады. Арнайы мектеп бойынша тәртіптік есепте тұрған оқушылар жоқ. Тек 10б сыныбында Бондаренко Гена және 8б сыныбында Герлайн Ксения атты оқушылар себепсіз сабақтарды көп босатады. Аталмыш оқушылардың  үйіне жыл бойы 5 рет рет рейдтік тексеріс ұйымдастырылды. Ауылдың учаскелік инспекторына хабарлама жіберіліп, ата-аналарына ескертпелер жасалды.  Гена жартылай отбасынан шыққан, бала тәрбиесімен көбінде әжесі айналысады. Анасының айтуынша мүгедек баласына қараудан қолы тимейді.  Ал Ксения жағдай төмен отбасынан.  Әке-шешесі ресми некеге тұрмаған. Көпбалалы отбасы.  Екі оқушы да мектептің тегін ыстық тамақпен қамтылған, жалпылама оқу қорынан көмекке жазылған оқушылар.  Екі оқушымен тұрақты жұмыс істеу жалғасып келе жатыр.

Мектебімізде Тасауылдан қатынап оқитын оқушылардың тізімі жасақталып, ондағы барлық оқушылар тасымалдауға енгізілді. Қазір 36 бала тасымалданады. Ата-аналарынан өтініштер жинақталды. Тасымалдау графиктері жасалды. Автобус таңертең екі рет, түстен кейін төрт рет тасымалдау жасайды. Тасымалдау көлігіне рейдтік тексеріс жасалып, техникалық құжаттары қаралды. Тасымалданатын оқушыларды тіркеу журналдары ашылып, онда оқушылардың автобусқа отырып үйлеріне қайтуы бақыланады. Бұл үшін мектеп әкімшілігінен арнайы апталық кезекшілер тізімі бекітілген.   Биылғы жылы оқушыларды тасымалдайтын автобус жүргізушісі ауырып қалуына байланысты мектепте тасымалдауға енгізілген оқушылар мен мектеп ұстаздарының барлығы арнайы тексерістен өткізілді. Автобусты тазалау жұмыстары жасалды. Арнайы өкілеттік органдардың нұсқауы бойынша жұмыстар жасалды. 

Мектебімізіде тегін ыстық тамаққа 97 бала енгізілген. Олардың 41-і аз қамтылған отбасы балалары ретінде қамқоршылық кеңесі хаттамасының қолдауымен енгізілгендер.  Мектеп асханасы жұмысын «Айқын» атты жеке кәсіпкер жүргізеді. Асханада тамақтану бұрышының ақпараттық тақтасы жасалды. Асхана жұмысына арнайы құрылған бракераждық комиссия мен екі аптада бір рет ведомоствоаралық комиссия арқылы тексерістер жасалды.  Жіберілген кемшіліктер туралы ескертіліп хаттамалар толтырылды.Балалардың сапалы тамақтануын қамтамасыз ету толық бақылауда болды.

Биыл мектебімізді бітіруші түлектер тек орыс сыныбының 7 оқушысы ғана. Оқушыларға кәсіптік бағдар бойынша кеңестер жүргізіліп келеді. Әлеуметтік желілер арқылы мемлекеттік жоғары оқу орындарының жоспарлы шараларына түлектерді қатыстыру бақылауда. М.В. Ломоносов атындағы Москва Мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалдарына шақыруын  Зуум арқылы оқушылар тыңдады. 7 желтоқсан күні КВШ Акадмиясы, 8 желтоқсан күні Астана Аграрлық университеті, Қарағанды Экономикалық Университеті, Қарағанды Техникалық Университеттерінің зуум платформасындағы насихаттарына қатысты. Теміртау қаласында орналасқан индустриялық университетпен мектебіміз арасында кәсіптік бағдар беру бойынша арнайы жеке келісім жасалған. Аталмыш оқу орнымен де екі рет оқушыларымыз кездесті. 9-11 сынып оқушыларына кәсіптік-бағдар бойынша мектеп психологы арнайы сауалнама жүргізілді. Алынған сауалнамалар қортындысы оқушыларға таныстырылды. Психолгиялық кеңестер берілді. Кәсіптік бағдар бойынша жіберіліп келе жатқан бір кемшілік, оқушыларымызды сол оқу орындарының базасына апарып таныстыру ісі дұрыс жолға қойылмай келе жатыр. Бұл келесі жылы осы тәрбие жоспарының негізгі назарына енгізілу керек деп отырмыз.

2021 жылдың қараша және 2022 жылдың мамыр айларында екі рет  мектебімізде «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» атты апталықтар жарияланды. Онда мектеп оқушыларының отбасында, мектепте кез-келген зорлық – зомбылықтың құрбаны болғаны туралы мәліметтер жинау, ондай жағдай орын алғанда психологиялық көмек көрсету мақсат етілді. Мектеп оқушыларына арналған арнайы сауалнамалар жүргізілді. Алынған сауалнамалар қортындысы бойынша оқушылар арасында зорлық-зомбылық зардабын шегіп отырған балалар жоқ.

Мектебімізде жылдық тәрбие жоспарына сәйкес мерекелік шаралар үнемі жүргізіліп келеді. Биылғы мерекелік шаралар пандемиялық жағдайға байланысты көбінде сыныптарда шағын топтармен өткізілді.

2021-2022 оқу жылында тәрбие саласында жоғары деңгейде өткізілген жұмыстарға төмендегі жұмыстарды жатқызуға болады:

1.Мектептегі үйірме жұмыстары:  Биыл мектебіміздің волейбол, үстел теннисі, футбол, тоғызқұмалақ, еркін күрес, қыл қобыз,  өнер бастауы үйірмелерінің оқушылар 3 халықаралық, 5 республикалық, 18 облыстық, 26 аудандық жарыстарда жүлделі орындар иеленді. 

2. Мектептегі дебат клубының жұмысы өтежақсы нәтиже көрсетті. Мектебімізде құрылған «Зияткер» оқушылар дебат клубы облыстық дебат жарысында 4 орын, аудандық жарыстың бір мәрте бас жүлдесін, бір рет екінші орынын иеленді. Клуб мүшесі Маматхан Жұлдыз «Ең үздік оратор» номинациясымен марапатталды. Дебат клубының жетекшісі Д.Хавий жетекшілер арасында аудандық жарыста бас жүлдені ұтып, облыстық жарыста 4 орны иеленді. Осы дебат жұмысының ұйымдастырылуы бойынша  ауданда шеберлік сағатын өткізді.

3. Оқуға құштар мектеп бағдарламасы бойынша мектебімізде жалпы саны 35 кітап оқылды. 5-7 сыныптар арасында 28 кітап, 8-11 сынаптар арасында 7 кітап  оқылды.  Жалпы балаларды кітап оқуға баулу ісі өте күрделі жұмысқа айналған. Оқылған кітаптар талқыланып,  мазмұны сараланды. Дегенмен бір проблема оқушылардың көркем әдебиет кітаптарын оқуда балаларға кітап сандарының жетіспеуі қиындық тудырып келеді.  Оқушылардың көп бөлігі қолдағы ұялы телефон арқылы оқуға мәжбүр.

4. Өлкетану мақсатында оқушылармен өзге жерлерге саяхаттау, тамашалау жұмысы да 2021-2022 оқу жылында жақсы жүрілді.  Сынып жетекшілер арқылы Теміртау қаласына 8 рет, Қарағанды қаласына кино көруге 2 рет, Сәкен Сейфуллин драма театрына 3 рет,  Долинка ауылындағы КарЛаг мұражайына бір рет саяхат жасалды.   Бұның барлығы  оқушылар мен  мұғалімдердің арасындағы ынтымақтастықты арттыруға, оқушыларды басқа қырынан тануға  көп мүмкіндік берді деп толық сенімен айта аламын.

Жылдық жоспарға сәйкес сәтсіз шыққан немесе іске асырылмай қалған іс-шараларға төмендегі жұмыстарды атауымызға болады.

                1.Мектепішілік ата-аналар жиналысы тәрбие жоспары бойынша 2 рет ұйымдастыруы керек болған. Бірақ бұл жылына тек бір рет қана ұйымдастырылды.  Алғашқы ата-аналар жиналысы қашықтықтан ұйымдастыру жоспарланғанмен ата-аналардың зуум платформасын қолдана алу сауаттылығы төмендігінен, барлық ата-ананың оған кіру мүмкіндігі болмағандығына байланысты жалпы ата-аналар жиналысы тек ватсап желісі арқылы мәліметтер берумен ғана шектелді. Тек ақпан айында мектеп ата-аналарын екіге бөліп, мәжіліс залында офлайн кездесу өткізілді.  Дегенмен ватсап әлеуметтік желісі арқылы ата-аналар тобы ашылған, қазіргі мәліметтер осы топ арқылы ата-аналарға тікелей жеткізіліп тұрады.  Бұл кемшілікті жоюға келер оқу жылы басымдық берілу жоспарланып  отыр.   

                2.Мектептің қомқоршылық кеңесінің жұмысы.Мектеп қамқоршылық кеңесіне мүшелерді қажетті уақытта жинау өте қиын жұмыс болып келеді. Олар жұмысқа толық қатысып келе жатқан жоқ. Нормативтік талап бойынша көпшілігі қатысса отырыс өткізілді деп есептелетіні болғанымен жалпы кеңес мүшелерінің белсенділігі төмен. Келер оқу жылы қомқоршылық кеңес мүшелерінің құрамын өзгертуге жұмыс жасау қажет.   

                3.Тәрбие жұмысында үстеміздегі жылы жіберілген кемшіліктердің бірі педұжым арасындағы  ынтымақтастық мәселесі. Мектептегі ұстадар арасында болған кикілжің облыстық басқармаға дейін жетіп,  мектеп басшылары, тәрбие орынбасарлары аталмыш мәселенің алдын алмай, тиісті бақылау орната алмағандықтары үшін  сөгістер алды.  Осы мақсатта келер оқу жылы педұжым арасындағы ынтымақтастықты арттыру тәрбие  жұмысының маңызды міндеттерінің бірі болуы тиіс.  

4. Жалпы мектептің тәрбие жұмысы  жоспар бойынша атқарылып келе жатыр. Дегенмен осы атқарылып келе жатқан іс-шараларды  мектептің әлеуметтік парақшасына жүктеу ісі кенже қалып келеді.  Жалпы жыл бойы атқарылған іс-шаралардың барлығы парақшаға жүктелмеген.  Жалпы әлемдік даму үрдісі талаптарының күн сайын өзгеріс көшіне ілесу қажет деп білсек, аталмыш жұмысты да нақты қолға алу маңызды.

Келесі жылға мақсат ете отырып, басымдық берілетін жұмыстар:

2022-2023 оқу жылында тәрбие жұмысы бойынша ата-аналармен жұмыс түрін жандандыру, ұстаздар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, қамқоршылық кеңес мүшелірінің белсенділігін арттыруға жағдай жасау және мектептің әлеуметтік парақшасының жұмысын нақты жолға қою басты мақсатқа енуі қажет.  

 

Тәрбие ісінің орынбасары                                  Д. Хавий

 

 

 

Новости