Ата-аналар жиналысы
«Нүркен Әбдіров атындағы ЖББМ» КММ-сі. 5-сынып
Сынып жетекшісі: Алина А.Г. Ата-аналар жиналысы
«5-сынып оқушыларының орта буында бейімделу кезеңі».
Оқушы үлкен өмірге өтіп, балалықпен қоштасады.Орта мектепте оқыту түбегейлі өзгеріске ұшырайды: балалар негізгі мұғалімнен, сынып жетекші немесе таныс емес пән мұғалімдері жүйесіне, жиі кабинеттік жүйеге, жаңа пәндерге, қосымша жүктемелерге ауысады. Алайда барлығына үйрену керек! Осының барлығы оқушыдан өзін-өзі басқаруды, көңіл бөлуді талап етеді. 5-сынып оқушылары психологиялық қолдауды талап етеді, себебі ол балалық пен жасөспірім кезеңінің қажетті көпірі. Жиналысқа мектептің әлеуметтік педагогі Шөкенов А мен мектеп психологі Сакенова Г қатысып , жеке тұлғаның жаңа ортада, «үлкендер ортасында» дамуы жөнінде дәріс жүргізді.