"Т.Ақышұлы атындағы негізгі орта мектеп" КММ
Қамқоршылық кеңесінің жаңа құрамын құру туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі "Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" №355 бұйрығы негізінде "Т.Ақышұлы атындағы негізгі орта мектеп" КММ-де Қамқоршылық кеңестің құрамын өзгертіп, оның жаңа құрамы қалыптастырылып, оның құрамы бойынша ұсыныстар қабылданатынын хабарлайды.
Ұсыныстарды қабылдау хабарландыру жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:
1. жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
2. жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері;
3. коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);
4. ата-аналар комитеті ұсынған сыныптардың, курстардың әрбір параллелінен осы білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасынан немесе заңды өкілінен;
5. қайырымдылық жасаушылар (бар болса).
6. Қамқоршылық кеңестің құрамына Қазақстан Республикасы Заңының "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі 51-бабы 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдар кірмейді.
"Т.Ақышұлы атындағы негізгі орта мектеп" КММ мекен-жайына ұсыныс жолдау t.akushuly@bk.ru (Жалаңаш ауылы, Астана көшесі, 27) тиісті құжаттарды қоса бере отырып, ресми ресімделген түрде табыс етіледі. Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары қоса беріледі.
Ұсыныстарды қабылдау мерзімі 2023 жылдың 31 наурызына дейін.