20 қазан күні "Күләш Байсейітова атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ
«Құндылықтарға негізделген білім беру моделін оқу-тәрбие үрдісінде қолдану» тақырыбындағы облыстық семинар өтті.
Семинарға қатысушылар: техника ғылымдарының кандидаты, профессор, Қарағанды облысында ББД ОӘО әдіскері С.С. Қонтаев, Г. А. Толеубаева ББД ОӘО әдіскері, Қарқаралы, Нұра, Шет, Бұхар—Жырау, Абай, Ақтоғай аудандық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері, әдіскерлері, Ресурстық орталықтардың және шағын жинақты мектептердің директорлары, орынбасарлары қатысты.
Мақсаты: Ресурстық орталықтың магниттік шағын жинақты мектептердің білім сапасын арттыруда тірек мектебінің жұмысын ұйымдастырудағы "Күләш Байсейітова атындағы тірек мектебінің (Ресурстық орталық)" КММ тәжірибесі. Ауыл мектептерінің білім сапасын арттыру жолдары.
Ашылу салтанатында техника ғылымдарының кандидаты, профессор, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Контаев Сабит Сейтович «Қазақстан халық қорының» демеушілігімен ауылдық жердегі тірек мектептерінің (Ресурстық орталықтардың) әлеуетін көтеру жайында баяндама жасады.
Ақтоғай ауданының білім бөлімінің басшысы Куанышбаев Айдос Каригулович "Ақтоғай ауданында білім сапасын арттыруға бағытталған" жұмыстардың ұйымдастырылуы жөнінде
таныстырып өтті.
«Күләш Байсейітова атындағы тірек мектебі (Ресурстық орталық)» КММ директоры Амралина Куралай Айткеновна "Құндылықтарға негізделген білім беру моделін оқу-тәрбие үрдісінде қолдану" барысы жөнінде мектептің тыныс-тіршілігімен таныстырды.
Семинар барысында: Келген қонақтарға мектебіміздің тыныс-тіршілігі бойынша экскурсия жүргізілді.«Әдістемелік алаңдар жұмысы» блогында Құндылықтарға негізделген білім беру моделін
оқу-тәрбие үрдісінде қолдану сабақтар
«Математикалық сауаттылықты дамыту тәсілдері»
Саттыбаева Г.Х. - математика пәні мұғалімі
«Биология сабағында функционалдық сауаттылықты жетілдіру»Дамиева А.Т.– биология пәні мұғалімі
«Сараланған тапсырмалар беруде қолданылатын білім беру платформасы
Шакирбаева Н.Т. – тарих пәні мұғалімі
«Құндылықтарға негізделген білім беру моделін оқу-тәрбие үрдісінде қолдану» тақырыбындағы облыстық семинар