back-image
КГУ " Опорная школа (ресурсный центр) имени Куляш Байсеитовой"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ " Опорная школа (ресурсный центр) имени Куляш Байсеитовой"
«Оқушы біліміндегі олқылықтарды сабақты зерттеу көмегімен жақсарту »
22-02-2023 18:23
Динамика мен өзгерістерге толы бүгінгі күні әр педагогтың негізгі мақсаты – өз кәсіби деңгейін үнемі дамытып отыру. Ал бұл жұмыстың ең тиімді әрі қолжетімді екі түрі бар: 
1) сабақтарды бірлесе жоспарлау; 
2) өзара сабақтарға қатысып, оларды жақсарту мақсатында талдау мен талқылау.
Осы екі әрекетті де қамтитын бірден бір құрал - Сабақты зерттеу (немесе Lesson Study) әдісі. Сабақты зерттеу әдісі (Lesson Study) мұғалімдердің кәсіби біліктілігін тұрақты түрде дамытудың тиімді амалы екендігі барша педагогикалық жұртшылыққа мәлім.
Бүгінгі,яғни 09.02.2023 жыл  өткізілген өңір педагогтарының онлайн басқосуы осы бағытты негізге алды.
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың  оқу-әдістемелік орталығы мен Қарағанды облысы 
бастауыш сынып мұғалімдерінің Ассоциациясы 
жұмысы аясында ұйымдастырылған 
өңір мектеп педагогтарына арналған облыстық семинар тақырыбы: «Сабақты зерттеу жобасы аясында кәсіби рефлексия дағдыларын жетілдіру»
 Мақсаты: Сабақты зерттеу жобасы  бойынша оқыту мен бақылаудың тиімді тәсілдерін қолдану арқылы мұғалімдер бір-бірімен тәжірибе алмаса отырып, соның нәтижесінде оқушылардың білім сапасын арттыру.
Семинарда   Ақтоғай ауданы К.Байсейітова атындағы тірек мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері: Бегетаева Алия Төлеуғазықызы 
«Сабақты зерттеу жобасында сабақты бақылау кезінен кейінгі рефлексия» тақырыбында, Саятбек Гүлзат 
«Оқушы біліміндегі олқылықтарды сабақты зерттеу көмегімен жақсарту  » тақырыбында,Жарылғап Нұргүл Асхатқызы 
 «Сабақты зерттеу : тәжірибе алмасу,мектеп мәдениеті,кәсіби өсу 》тақырыбында 
өз іс-тәжірибелерін ортаға салды.
Новости