«Ауылдық жердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы
Ақтоғай селосының орталығындағы К. Байсейітова атындағы тірек мектебінде «Ауылдық жердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында таныстырылым болды.
Іс-шараға
Қарағанды облысының білім басқармасының басшысы Г.Ш.Қожахметова,
Білім беруді тұрақты дамыту қорының директоры Д.С.Тоқтарбаев, "Қазақстан Халқына" қорының ресми өкілі
Д. Б. Бейсенбек, Aitas Холдингінің әлеуметтік бағдарламалар жөніндегі вице-президенті К.В.Верба, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Е.Ш.Әліқұлов қатысты.
Бұл жоба "Рowered by NIS ауыл мектебі" білім беру бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
Жоба демеушілері : "Қазақстан Халқына" қоры, Beeline Қазақстан және Aitas холдингі болып табылады.
Жоба аясында мектептің материалдық-техникалық базасы толығымен жаңартылды. Пәндер мен бағыттар бойынша 24 оқу кабинеттерімен бірге мектепте STEM зертханасы, Арт-студия, шеберхана жабдықталды.