back-image
КГУ " Опорная школа (ресурсный центр) имени Куляш Байсеитовой"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ " Опорная школа (ресурсный центр) имени Куляш Байсеитовой"
ROBOLAND-2022
10-11-2022 19:21
ROBOLAND-2022
ROBOLAND-Қазақстандағы алғашқы робототехникалық жоба, техникалық шығармашылық пен жаңа технологиялардың ең ауқымды форумы. Биыл жарыс 16 санатта өтті. Оның бір бөлігі алғаш рет ұйымдастырылуда.Биылғы жылы ақтық жарыстарға Қазақстанның, сондай-ақ Грецияның, Ресейдің, Өзбекстанның және Қырғызстанның түкпір-түкпірінен  300- ден аса команда қатысты.
Жарыстың бірінші  күні  4 қарашада   ‘’Қосымша білім беру орталығы’’ Робототехника үйірмесінің оқушылары Нұрлан  Інжу мен Сайлаукен Нұрислам  " Кегельринг квадро X2 " санаты бойынша сайысқа түсті.Жетекшісі: Есімбек М.М
Жарыстың екінші күні  5 қарашада К.Байсейітова мектебінің    7 "Б" сынып оқушысы  Нұрлан Нұрболмен 5 "А" сынып оқушысы Тәбәрәк Алдияр "Робогеометрия" санаты бойынша жарысқа түсіп, аталған санат бойынша жүлделі бірінші орынды иеленді.  Ж.Кеңесбаев мектебінің оқушылары Төлеутай Мерғазы мен Ермек Бекболат Шығармашылық роботтар байқауына қатысты. Жетекшісі: Төкен Ернұр
Жүлделі орын алған оқушыларымыз дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Новости