ROBOLAND-2022
ROBOLAND-Қазақстандағы алғашқы робототехникалық жоба, техникалық шығармашылық пен жаңа технологиялардың ең ауқымды форумы. Биыл жарыс 16 санатта өтті. Оның бір бөлігі алғаш рет ұйымдастырылуда.Биылғы жылы ақтық жарыстарға Қазақстанның, сондай-ақ Грецияның, Ресейдің, Өзбекстанның және Қырғызстанның түкпір-түкпірінен 300- ден аса команда қатысты.
Жарыстың бірінші күні 4 қарашада ‘’Қосымша білім беру орталығы’’ Робототехника үйірмесінің оқушылары Нұрлан Інжу мен Сайлаукен Нұрислам " Кегельринг квадро X2 " санаты бойынша сайысқа түсті.Жетекшісі: Есімбек М.М
Жарыстың екінші күні 5 қарашада К.Байсейітова мектебінің 7 "Б" сынып оқушысы Нұрлан Нұрболмен 5 "А" сынып оқушысы Тәбәрәк Алдияр "Робогеометрия" санаты бойынша жарысқа түсіп, аталған санат бойынша жүлделі бірінші орынды иеленді. Ж.Кеңесбаев мектебінің оқушылары Төлеутай Мерғазы мен Ермек Бекболат Шығармашылық роботтар байқауына қатысты. Жетекшісі: Төкен Ернұр
Жүлделі орын алған оқушыларымыз дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.