Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 2013 жылдан бастап қыркүйектің соңғы жексенбісінде Еңбек күні атап өтіледі. Бұл мереке қазақстандықтардың еліміздің әл-ауқаты мен өркендеуін қамтамасыз ететін еңбекке деген құрметін білдіреді. Ол нағыз еңбектің бағасын білетіндердің барлығын біріктіреді, оның нәтижелерімен мақтанады. "Мичурин негізгі орта мектебі" КММ еңбек күніне арналған ұжым жиналысы өткізілді. Жиналыстың мақсаты: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясын нығайту, қоғамдағы адам еңбегінің беделін арттыру.
Еңбек Күні