Салтанатты жиын және бірінші сынып сағаты мектептегі жаңа оқу жылының басталуына арналған және адам өміріндегі білімнің құндылығы мен жетекші рөлін анықтайтын маңызды оқиғалар болып табылады. 1 қыркүйекте "Мичурин негізгі орта мектебі" КММ, Алғашқы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты жиын өткізілді.
Салтанатты іс-шараның мақсаты: жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушыларда білім берудің маңыздылығы мен құндылығын, сондай-ақ оң көзқарасты қалыптастыру.
Тапсырмалар:
- білім алушылардың оқуға, тәрбиелеуге деген ұмтылысын қалыптастыру;
- білім алушыларға патриотизм, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын сіңіру;
- өзара сыйластық пен түсіністікке негізделген мәдениетті қалыптастыру.
Салтанатты жиынды өткізуге Мичурин а/о әкімі Баймагамбетов Елдос Омиржанович, "Балдәурен" б/б меңгерушісі Сұлтанова Татьяна Ивановна, педагогикалық еңбек ардагерлері – Дубовая Светлана Владимировна және Карчак Ирина Николаевна қатысты.