Сәлем, мектеп! Білім күні-1 қыркүйек!
2022 жылдың 1 қыркүйегінде "Мичурин негізгі орта мектебі" КММ білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. Қамтылу: 1-9 сынып оқушылары, педагогикалық ұжым, ата-аналар қауымдастығы және шақырылған қонақтар.
Салтанатты іс-шараның мақсаты: жаңа оқу жылы қарсаңында жағымды атмосфера, жағымды көңіл-күй қалыптастыру.
Міндеттері:
- өткен оқу жылының жетістіктерімен білім беру процесіне қатысушыларды ақпараттандыру;
- позитивті оқу мотивациясын және білімге ұмтылысын қалыптастыру;
- патриотизм, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;
- өзара құрмет пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру.