Қарағандыға саяхат (Путешествие в Караганду)
Абай ауданының Мичурин негізгі орта мектебінде ұйымдастырылған «Жазғы мектеп-2022» аясында оқушылардың қызығушылықтарына бейімделген кәсіби лагер жұмыс істейді. «Актерлік шеберлік» атты бұл топтағы оқушылар жетекшілерімен 15 маусым күні Қарағанды қаласында орналасқан Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрыны экскурсияға барды. К.С. Станиславский «Менің өмірім, өнерім» атты кітабында «Әртіс өз бетімен, өз еркімен іштей және сырттай жұмыс жасауы тиіс және жеке рөлмен іштей және сырттай жұмыс, кездесетін тосын жағдайлар, кідіріс, әрекет, әрекетті бағалау, конфликт және оларды шешу, костюм, гримм, көркемдік безендірулер, бұлардың бәрі оқушылардың таным, үрдісін: қиялын, талғамын, есін, ойлауын, зейінін, қабілетін дамытып қана қоймай, өзін көпшіліктің ортасында еркін әрекет етуіне, ойын ортаға ашық сала білуге, адам бойында бала кезден қалыптасып қалған кейбір ұялшақтық, қорқақтық шешімге келе алмаушылық деген сияқты жағымсыз факторлардың болуына әсер етеді». Аталған қасиеттердің барлығын жеткіншектер бойына үйлестіру табысты адамның білімі мен іскерлігін қалыптастырады. Бұл баланы жаңаша ойландырып, бойында функционалды сауаттылықты қалыптастырады. Экскурсия балаларға қатты ұнады. Театр қызметкерлері үйірме қатысушыларына театрдың тыныс-тіршілігімен, қыр-сырымен,реквизиттермен, декорациялармен түгелдей тыңғылықты таныстырды. Тарихы жайлы айтты, тарихи мұражайымен таныстырды, сахнаны, әртістердің жеке бөлмелерін көрсетті. Сондай-ақ, ешқашан кадрларда да, сахнада да көрінбейтін, спектакльде киетін көйлектердің әрқайсысына тер төккен костюмерлермен таныстырды.
Театр саяхат бастаушысы оқушыларға театр тарихы туралы танымды ақпараттар берді. Өткен ғасырдың отызыншы жылдары Сарыарқаның шетсіз-шексіз даласына республиканың әр қиырынан түрлі ұлт өкілдері келді. Көмірлі Қарағандымен бірге рухани сұраныс та өсті. Әуелі әуесқой көркем үйірмелер пайда болса, 1932 жылы "Жұмысшы жастар театры" құрылды. Арада екі жыл өткенде оның құрамына бір топ талантты жастар қосылып, театр "Қарағанды қалалық жұмысшы–қазақ жастарының театры" деген атауға ие болды. 1932 жылы А. Шаниннің «Зәуре» атты пьесасы бойынша қойылған спектакльдің премьерасымен ашылды. Басты рөлді Ж. Шашкина орындады. Театрдың негізін қалаушылар қатарына ҚР халық әртісі Ж. Шашкина, ҚР еңбек сіңірген әртісі З. Көшкінбаев, С. Жүнісов, У. Әбеуова, К. Байбеков, Т. Ильясов, Н. Жабаев, Б. Шалов және тағы да басқа әртістер. Аталған ақпараттар мектеп оқушылары үшін өте танымды болды. «Актерлік шеберлік» үйірмесі оқушыларының аталған театр атмосферасын сезінуі оқушыларға алдағы уақытта жазғы мектептің жабылу салтанатында қоятын сахналық қойылымына шабыт береді деген үміттеміз.