14 маусым 2022 жыл "Мичурин негізгі орта мектебі" КММ жазғы мектептің 3-4 сынып оқушылары Абай қаласындағы "Абай Құнанбаев" атындағы мұражайға саяхат жасады. Мұражай бес бөлімнен тұрады екен. Бірінші бөлімде оқушылар Абайдың балалық шағын танып, туып өскен ортасына кәу болды. Екінші бөлімде жазушының қолданған дүниелері мен қазақтың дәстүрлі киіз үйімен танысты. Үшінші бөлімде аудармашының мұражайы мен жерленген жері яғни Жидебайдағы бейіт басы, мешіт туралы білсе, төртінші бөлімде шығармаларының түпнұсқаларымен танысты. Бесінші бөлім Абай шахтасына арналған. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды, әрі қызықты болды. Ой-саналарына білім нәрін тамшы болса да құя алдық.
Абай Құнанбаев мұражайында