back-image
КГУ «Опорная школа (ресурсный центр) имени Ыбырая Алтынсарина» отдела образования Абайского района управления образования Карагандинской области

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ «Опорная школа (ресурсный центр) имени Ыбырая Алтынсарина» отдела образования Абайского района управления образования Карагандинской области
«Ыбырай Алтынсарин атындағы тірек мектеп (РО)» КММ Ауған күніне өткізілген шаралар есебі
15-02-2023 01:35
«Ыбырай Алтынсарин атындағы тірек мектеп (РО)» КММ Ауған күніне өткізілген шаралар есебі

«Ауғанстан ардагерлеріне тағзым» атты топтық жиын өткізілді.
Мақсаты: Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, жат жерде көз жұмған жерлес азаматтарды еске алу және жастарға патриоттық тәрбие беру. Топтық жиынға Ауған соғысының ардагері, мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі - Қ. Д. Абишев қатысты. Оқушылар ардагерлерге алғыс айтып, өлең шумақтарын арнады.\

Ыбырай Алтынсарин атындағы тірек мектеп Ауған күніне орай 5-8 сынып оқушылары арасында ақпараттық сағат өткізілді. Сабақ барысында сол жылдарды еске алу бейнематериалдары көрсетілді.

Мақсаты:Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру.
“Ауған соғысы” – жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлерінен мәлімет алу. Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру. Тәуелсіздік жолында күрескен аға - апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Ыбырай Алтынсарин атындағы тірек мектеп Ауған күніне орай мектеп оқушылары арасында сурет көрмесі ұйымдастырылды.

Мақсаты:Отанға деген патриоттық суйіспеншілігін қалыптастыру; өз тарихына қызығушылығын арттыру; Оқушылардың батырларға деген адамгершілік сезімін дамыту;Отанға және Қарулы Күштерге деген сүйіспеншілікпен, туған жерін, елін шексіз сүюге қалыптастыру; оқушылардың экстремалдық жағдайлардағы

қимылдарының дайындықтарын қалыптастыру; келешекке деген жауапкершілігін,ой өрісінің дамуын қалыптастыру.

https://www.instagram.com/p/Comej19KWDn/?igshid=NTdlMDg3MTY=

https://www.instagram.com/p/Coun6FXtL7q/?igshid=NTdlMDg3MTY=

https://www.instagram.com/p/CouoDBrtAcT/?igshid=NTdlMDg3MTY=

Новости