Қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толды. Алаштың арда азаматының бұл жолғы мерейтойын Қазақ елі кең ауқымда атап өтті. Осындай шара Курмин тірек мектебінде оқу жылының басынан жоспарға сәйкес өткізілді.
Шараның мақсаты - қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға – Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.
Ахмет Байтұрсынұлы ұлтымыздың ұлы тұлғаларының бірі, халқымыздың бейбіт те берекелі өмір сүруі үшін аянбай еңбек еткен, сол жолда басын бәйгеге тігіп, «тар жол, тайғақ кешуден» өткен тұғырлы қайраткер екенін, сонымен қатар Алаш баласының сауатын ашып, елімізді өркениетті мемлекеттердің қатарына қосуды мақсат тұтқанын, «Жұрт ұқпаса, ұқпасын жабықпаймын. Ел – бүгіншіл, Менікі – ертең үшін» деген Ахмет Байтұрсынұлы болашақ ұрпақ үшін қызмет еткенін атап өтпеу мүмкін емес.
Мектебіміздің кітапханашысы Жумабек А.К. тілдер мерекесіне орай «Тіл білімінің атасы» атты Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты: А. Байтұрсынұлының әдеби – ғылыми мұрасының зерттелуі жөнінде сараптамалық талдау жасау және ғалым шығармаларның бүгінгі салауатты ұрпақ арасында оқылуын насихаттау.
https://www.instagram.com/p/CiHkNMrK3Jo/?utm_source=ig_web_copy_link