"Дені сау ұрпақ- біздің болашағымыз"

2023 жылдың 09 ақпанында Топар жалпы білім беретін мектебінде балаларға қатысты
қылмыстар мен құқық
бұзушылықтардың алдын алу,нашақорлық,есірткі зиянды әрекеттердің алдын алу
мақсатында "Дені сау ұрпақ- біздің болашағымыз" тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.Жиналыста Абай ауданы ПБ
МЮП аға УПИ полиция майоры
Калашиди О.В. жыныстық қолсұғылмаушылықтың алдын алу,
кәмелетке толмаған балаларға қатысты
қылмыстар мен әкімшілік және
қылмыстық жауапкершілік
туралы,халық
арасындағы алаяқтықтың
алдын алу,синтетикалық есірткі және оның жаңа түрлері туралы ата-аналар мен оқушыларға толық ақпарат айтты. Директордың ТІЖ орынбасары Жаргакова Г.А. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 30 желтоқсанында бұйрығына енгізілген мектеп формасына байланысты өзгертулер жайлы ақпарат берді.Мектебіміздің кәсіби бағдар беру педагогы Жакенова А.Б." Балаға мамандық таңдауда қалай көмектесуге болады?" тақырыбында ақыл кеңес ұсынды.Жиналыс соңында салауатты өмір салтын насихаттаушы 7а сыныбының үгітбрига тобы ата-аналарға өз өнерлерін көрсетті.