№15 жалпы білім беретін мектебінде медбике М.Қ.Баймурзина «Жасөспірім қыз – бойжеткен қыз» және «Жасөспірім бала – бозбала» тақырыптарында оқушылармен профилактикалық әңгіме өткізді.

№15 жалпы білім беретін мектебінде медбике М.Қ.Баймурзина «Жасөспірім қыз – бойжеткен қыз» және «Жасөспірім бала – бозбала» тақырыптарында оқушылармен профилактикалық әңгіме өткізді. Іс-шара жасөспірімдердің өтпелі кезеңдегі жас ерекшеліктері мен физиологиялық өзгерістері туралы түсініктерін қалыптастыруға, сондай-ақ өзіне және басқаларға құрметпен қарауға тәрбиелеуге бағытталған.
М.Қ.Баймурзина гигиена, эмоционалдық өзгерістер және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы туралы айтты. Әңгіме достық жағдайда өтті; жасөспірімдер талқылауға белсене қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.