1-сыныпқа қабылдау туралы ата-аналар нені білуі тиіс
1-сыныпқа қабылдау туралы ата-аналар нені білуі тиіс !
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 (ҚР Білім және ғылым министрінің 24.06.2020 №264 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) бұйрығына сәйкес 2023-2024 оқу жылында 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 01 сәуірінен басталып 01 тамызға дейін жалғасады.
1 сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады. Сонымен қатар, 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толған балалар да бірінші сыныпқа бара алады.
1-сыныпқа қабылдау «e.bilimal.kz» порталы, сондай-ақ, «электрондық үкіметтің» «egov.kz» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Биылғы жылы баланы бірінші сыныпқа бергісі келетін ата-аналар (заңды өкілдер) 2023 жылдың 01 сәуірінен 01 тамызына дейін «e.bilimal.kz», «egov.kz» порталдарына тіркеліп, өтініш беруі тиіс.
В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан «Об образовании», приказом Министерство образования и науки Республики Казахстан №564 от 12 октября 2018 года (с изменениями и дополнениями приказом МОН РК от 24.06.2020 г. №264), приём документов для поступления в 1 класс в 2023-2024 учебном году, начнётся с 01 апреля и продлится до 01 августа текущего года.
В 1 класс принимаются дети в возрасте 6 лет. Кроме этого дети, которым до 31 декабря исполняется шесть лет также могут пойти в первый класс.
Прием в 1 класс будет осуществляться через портал «e.bilimal.kz», а также через веб-портал «электронного правительства» «egov.kz».
Родителям (законным представителям), желающим в этом году отдать ребёнка в первый класс необходимо с 01 апреля по 01 августа 2023 года зарегистрироваться и подать заявку на портале «e.bilimal.kz», «egov.kz».