Компьютерлік және цифрлық сауаттылық апталығы және халықаралық Қауіпсіз интернет күні аясында "Н. Әбдіров атындағы ТМ (РО)" КММ "Цифрлық қауіпсіздік қалқаны" тақырыптық стендін рәсімдеді.
Стендте желідегі қауіпсіз мінез-құлық ережелері, жеке деректерді қорғау, күшті парольдер жасау және интернет қауіптерін тану туралы пайдалы және өзекті ақпарат орналастырылған. Материалдар қол жетімді және көрнекі түрде ұсынылған, бұл білім алушыларға киберқауіпсіздік негіздерін жақсы меңгеруге көмектеседі.
Стендті ресімдеу оқушылардың цифрлық технологияларды пайдалануға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға және олардың ақпараттық мәдениетінің деңгейін арттыруға бағытталған.