09 желтоқсан күні, Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай, «Нұркен Әбдіров атындағы тірек мектеп (ресурстық орталық)» КММ-нің оқушылары «Сыбайлас жемқорлыққа бірге қарсы тұрайық!» ұранымен өткен антикоррупциялық форумға қатысты.
Форумда жыл бойындағы жұмыстардың қорытындысы шығарылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және осы бағыттағы белсенділікті көрсету мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.
9 «А» сынып оқушылары Коротаева Каролина мен Аширова Дина викторинаға қатысып, байқауда жеңіске жетті.