2025 жылдың 17 қарашасында 5 «А» сыныбында «ДосболLIKE» бағдарламасы бойынша «Өзіңді басқаруды үйренеміз» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағаты белсенді әрі достық атмосферада жүргізілді. Оқушылар өзін-өзі реттеу тақырыбына қызығушылық танытып, жаттығулар мен талқылауларға қуана қатысты. Әсіресе Памси туралы әңгіме мен жағымды тұжырымдармен жұмыс жасау оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Сабақ соңында балалардың басым бөлігі өздері туралы жаңа мәлімет білгендерін және өзін-өзі дамытуға деген ынта сезінгендерін атап өтті.