Экологиялық тәрбие беру және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру аясында мектепте "Таза мектеп ауласы"акциясы өткізілді. Іс-шараға 11Б сынып оқушылары қатысты.
Акцияның негізгі мақсаттары:
* Мектеп аумағының тазалығы мен абаттандыру мәселелеріне назар аудару.
* Оқушылардың қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
* Еңбек дағдылары мен командалық рухты дамыту.
Мұндай іс-шаралар мектеп аумағын көркейтіп қана қоймай, өскелең ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті тәрбиелейді.