«Мектепке жол» республикалық акциясы»

«Мектепке жол» республикалық акциясы
Республикалық «Мектепке жол» акциясы 2025 жылдың 1 тамызынан басталады. Акция 2025 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады.
Акцияның мақсаты: аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде материалдық қолдау көрсету және балалардың әлеуметтік себептер бойынша мектепке бармауын болдырмау.
Мектебімізде әлеуметтік көмекке мұқтаж балалар бар. Өмірде қиын жағдайға тап болған кез келген адам көмек сұрай алады.
Өз кезегінде барлық қамқор азаматтар, кәсіпкерлер, демеушілер, меценаттар акцияға қосылып, мұқтаж жандарға көмек көрсете алады.
Айта кету керек, «Мектепке жол» акциясы жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында өткізіледі.
Балаларды мектепке дайындауға көмектескісі келетіндер мектеп әкімшілігіне немесе тікелей әлеуметтік қызметкерге хабарласа алады.
Әр бала мектепке сеніммен, қуанышпен баруы үшін күш біріктірейік. Бүгін 21 тамыз күні мектебіміздің ата-анасы кеңсе тауарлары түрінде демеушілік көмек көрсетті.