1В сыныбында «Сүйкімді мысық» шеберлік сыныбы

1В сыныбында «Сүйкімді мысық» шеберлік сыныбы
27 наурызда «Нүркен Әбдіров атындағы ОБС (ОҚ)» КММ 1Б сыныбында «Сүйкімді мысық» тақырыбында сурет салудан тартымды шеберлік сабағы өтті. Шығармашылық жұмыс барысында балалар жаңа көркемдік әдіс-тәсілдерді меңгеріп қана қоймай, сөйлеу тілін дамытты: пішіндерді, реңктерді, түстерді атады, сол арқылы сөздік қорларын байытады.
Сабақ өз жұмыстарының қысқаша тұсаукесерімен аяқталды – әр оқушы өзінің салған суреті туралы мақтанышпен айтып, мысықтың ерекшеліктерін, таңдаған түстерін және жеткізгісі келген эмоцияларын сипаттады. Шығармашылық, қуаныш пен шабыт атмосферасы сыныпты толтырды, ал балалардың жұмысы шынымен жарқын және ерекше болды!