
Құқық қорғау органдары ұлтаралық негізде қылмыс жасауға жағдай жасайтын оқиғаларды жүйелі түрде тіркейді.
Мұндай қылмыстардың негізгі үлесі «Istagram», «Tik-Tok», «YouTube» және «Рулетка» чаты сияқты әлеуметтік желілерде жасалады.
Көбінесе азаматтар әртүрлі сұхбаттасушылармен диалогқа түсіп, жекелеген ұлттарға қатысты жағымсыз пікірлер немесе мемлекеттіміздің аумақтық тұтастығына қатысты көзқарастар білдіреді.
Ойланбай айтылған мұндай сөздер ұлттық қадір-қасиетке және елдің бірлігіне нұқсан келтіріп, әлеуметтік шиеленіске ықпал етеді.
2023-2024 жылдар аралығында осындай қылмыстар жасағаны үшін 3 адам сотталды.
Әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік алауыздықты қоздырғаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174-бабына сәйкес 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жауаптылық қарастырылатынын түсіндіреміз.
Қазақстан Республикасы көпұлтты мемлекет болып табылатынына назар аударамыз.
Конституцияға сәйкес ешкімді кемсітуге болмайды.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында заңды бұзбауға және заңсыз әрекеттерден бас тартуға шақырамыз.