Балалардың дарындылығын дамыту және білім алушылардың пәндік құзыреттілігін арттыру мақсатында "Жайдарлы жаз" мектеп жанындағы лагерінің жұмысы аясында жазғы мектептің сабақтары ұйымдастырылады. Мектеп жанындағы лагерьдің жұмыс жоспарына сабақтарды қызықты және заманауи түрде өткізуге бағытталған іс-шаралар енгізілген.
3 маусымда бастауыш сынып оқушылары үшін мектеп жанындағы лагерь тәрбиешілері жаңа сөздерді үйрену үшін дидактикалық ойын өткізді. Балалар жазу және оқу дағдыларын, қарым-қатынас стратегияларын және сөздік қорын кеңейтуге мүмкіндік беретін тапсырмаларды орындады. Жазғы мектепті ұйымдастыру тек пайдалы ойын-сауыққа ғана емес , сонымен қатар білім әлеміне қызықты саяхатқа да ықпал етеді.