Бүгін Нұркен Әбдіров атындағы мектеп оқушылары үшін алғашқы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Осы салтанатты іс-шараның мақсаты: жаңа оқу жылы қарсаңында жағымды атмосфера, жағымды көңіл-күй қалыптастыру. Жиынға "Teach for Kazakhstan" жобасын іріктеу үйлестірушісі А. Конысбекова қатысып, оқушыларды, педагогтарды, ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады!!!!
1-ші сыныптан 11-ші сыныпқа дейінгі барлық оқушылар үшін 2023-2024 оқу жылының басталуына арналған сынып сағаттары өткізілді. Сынып жетекшілері білім алушылармен бірге білімге ұмтылу, еңбекқорлық және патриотизм құндылықтарын қалыптастыру және оны дамыту туралы әңгімелесті, сондай-ақ жаңа оқу жылынан не күтетіндері жайлы талқылады, бір-біріне деген достық қарым-қатынастың, жауапкершілік пен сыйластықтың маңыздылығын ашты, жазғы демалыстан алған әсерлерімен бөлісті.
Біздің бірінші сынып оқушыларымыздың бірінші сынып сағаты! Балалар, сендер мектеп табалдырығын аттағандарың үшін біз өте қуаныштымыз! Сіздермен бірге мұғалімдерің Ольга Владимировна мен Наталья Николаевна білім даңғылында бірге жүретін болады!
Мерекеден тағы біраз фотосурет. 1 қыркүйек, білім күні оқушыларымыздың есінде болсын!!!