Салауатты өмір салтының артықшылықтары
2022-2023 оқу жылының желтоқсанында "Н.Әбдіров ат.ТМ(РО)" КММ-де мектептің әлеуметтік педагогы 7-8 сынып оқушыларымен "Салауатты өмір салтының артықшылықтары" тақырыбында әңгіме өткізді. Бұл жұмыстың мақсаты: оқушыларға алкогольдің адамның психикалық және моральдық қалыптасуына зиянды әсері туралы білімдерін тереңірек түсінуге және едәуір кеңейтуге көмектесу, маскүнемдіктің қоғамға тигізетін зиянын түсіндіру, онымен күресудің мүмкін жолдарын көрсету.