Парасаттылық сағаты
Бүгін, 6-қыркүйек күні біздің мектептің оқушылары үшін адалдық, жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша Парасаттылық сағаты өткізілді. Оқушылар тағы да парасаттылық, шыншыл адам моделі, сенім мен әділеттілік сияқты қасиеттер туралы мәлімет алды. Парасаттылық дегеніміз - ұлттың рухани өзегі, прогрессивті қоғам өмірінің нормасы. Еңбекке, өз-өзіне, қоршаған дүниеге адал карау - біздің мемлекетіміздің табысқа жетуінің басты факторы.