"1 маусым-Балаларды қорғау күні" мерекесі қарсаңында Абай Құнанбаев атындағы N5 мектеп-гимназиясында "Жас түлек-2023" оқу жылының аяқталуы салтанатты жиыны өтті. Аталмыш шара ҚР мемлекеттік туының кіргізіліп, гимн орындалуымен бастау алды. Мектеп бітіруші түлектер мектеп табалдырығын енді аттаған 1-сынып бүлдіршіндерін қолынан ұстап шығып, білім кемесіне мінгізді. 10 сынып оқушыларына алтын ұя мектебінің кілтін табыстау рәсімін өткізді. Түлектер 11 жыл бойы білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына алғыстарын өлең шумақтары, сырлы әндер арқылы білдіріп,жүрекжарды тілектерін айтты!
"1 маусым-Балаларды қорғау күні" мерекесі қарсаңында Абай Құнанбаев атындағы N5 мектеп-гимназиясында "Жас түлек-2023" оқу жылының аяқталуы салтанатты жиыны өтті.