Антитеррор

"Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 4 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
- объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары;
- объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу өлшемшарттары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
- "Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 876 қаулысы;
- "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 қазандағы № 1098 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 19-тармағы.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.