6 мамыр күні Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс мерекесі қарсаңында “Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп - лицейі” КММ 8-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері А.М. Сүйіндікова, Ш.О Шамабаракова “Ұрпаққа ұран болған - Ұлы Жеңіс” тақырыбында әдеби - шығармашылық эссе байқауын өткізді. Ұлы Жеңіс күні – сан мыңдаған ұрпақ үшін ұлы мереке. Биыл адамзат тарихындағы ең сұрапыл, жойқын соғыс – Ұлы Отан соғысы аяқталғанына 79 жыл толады. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.
“Ұрпаққа ұран болған - Ұлы Жеңіс”