4 маусымда «Жазғы түстер» мектеп жанындағы лагерінде қозғалыстағы таңертеңгілік гимнастика кешені өткізілді.Балаларға арналған таңертеңгі гимнастика бірқатар негізделген себептерге байланысты өте пайдалы: гимнастикамен үнемі айналысатын жас ұрпақ үшін дене суыққа, яғни иммунитетке әлдеқайда жақсы қарсы тұрады. Сондай-ақ, балалар күні бойы «Алға Қазақстан» спорттық эстафетасына қатысты.
Спорттық ынта мен өз командасы үшін жеңіске жетуге деген ұмтылыс балаларды баурап алды, олар үшін уақыт зымырап өтті. Барлығы мәреге бірінші болып жету үшін барын салды. Спорт алаңында күлкі, қуаныш пен көңілділік орнады!
4 июня в пришкольном лагере «Жазы тустер» был проведен комплекс утренней гимнастики в движении.Утренняя гимнастика для детей очень полезна по ряду обоснованных причин: у подростающего поколения, регулярно занимающихся гимнастикой, значительно лучше организм сопротивляется к простудным заболеваниям, то есть крепче иммунитет. Также ребята в течении дня поучаствовали в спортивной эстафете «Алға Қазақстан».
Спортивный задор и желание добиться победы для своей команды захватывали детей, что время для них пролетело не заметно. Все старались изо всех сил прийти к финишу первыми. На спортивной площадке царили смех, радость и веселье!
«Алға Қазақстан»