“Менің отбасым және достарым”
“Тілдер әлемі “ атты жазғы тілдер мектебінің кезінде 2 “В” сынып оқушылары арасында “Менің отбасым және достарым” тақырыбында сабақ өткізілді. Оқушылар сабақ барысында мәтін бойынша қарапайым сұрақтар құрастырды және оған толық жауап берді. Суреттің мазмұны бойынша жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып, сұрақтарға жазбаша жауап берді. Сабақтың мақсаты: оқушылардың оқылым, жазылым дағдыларын дамыту.
Жауапты: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Р.Х.Карибжанова