back-image
КГУ "Школа-лицей имени Шокана Уалиханова"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Школа-лицей имени Шокана Уалиханова"
Мектептің Шоқан Уəлихановқа арналған муражайы
05-06-2024 09:13
Мектептің Шоқан Уəлихановқа арналған муражайы

2024 жылдың 05 маусымында Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің “Шоқан Уəлиханов атындағы мектеп-лицейі” КММ- нде жазғы тілдер мектебі кезінде 7”В” сынып оқушыларымен мектептің Шоқан Уəлихановқа арналған муражайына бардық. Мұражайдың меңгерушісі қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалім Бейбітгүл Есжановна Омарова оқушыларды Шоқан Уəлихановтың өмірі жəне шығармашылығымен таныстырды. Оқушылар Шоқан Уəлихановтың өмірі мен шығармашылығына байланысты қойылған сұрақтарға жауап берді. Оқушыларға көрнекілер көрсетілді. Мұражайға саяхатымыз өте қызықты өтті.
Содан кейін оқушылар сыныпта грамматиканы қайталап, тапсырмаларды орындады. “Жаз” тақырып бойынша сөйлемдерді құрастырды, ауызша сөйлемдерде сөйлем мүшелерін тауып, жазбаша түрде сөздерді септеді.
Сабақтың соңында қорытындысы шығарылды.
Жауапты: қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалім Р.С.Кадауова.

Новости