back-image
КГКП «Ясли-сад «Таңшолпан»

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГКП «Ясли-сад «Таңшолпан»
"Тілдер күніне»
06-09-2024 11:01

Тіл - ұлт жүрегінің бір бөлшегі. Тіл қандай ұлтта болмасын әрқашанда қасиетті де құдіретті. Ол әрбір адамға ананың ақ сүтімен дарып, мәңгілік қалыптасады. Қандай мәдениет болмасын қатынас құралы ретінде де, ұлттың барша болмысы көрінген келбеті ретінде де тіл арқылы жасалған. Тіл арқылы өмір сүреді, ұрпақтан ұрпаққа, заманнан заманға жетіп, ұлттық тұтастықты сақтайды. Сондықтан да тіл адастырмас темірқазық іспеттес. 

Туған тілге деген құрмет мен сүйіспеншілікті насихаттау, өзге ұлттардың дәстүрі мен мәдениетіне деген құрметін дамыту мақсатында «Тілдер күніне» орай «Таңшолпан» бөбекжайында «Тіл-достықтың алтын көпірі» мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға мектепалды топтарының балалары қатысты. Өнерлі тәрбиеленушілеріміз қазақ тілінде  «Ана тілі» өлеңін   шырқап, әртүрлі тілде такпақтар айтты. Бүлдіршіндер «Сақина», «Бәйге» ұлттық ойндарына қызығушылықпен қатысып отырды. Іс-шара өте қызықты, көңілді өтті.

Новости