back-image
КГКП «Ясли-сад «Таңшолпан»

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГКП «Ясли-сад «Таңшолпан»
«Мен, сен, ол, біз дені сау елміз!»
24-10-2024 09:04
«Мен, сен, ол,  біз дені сау елміз!»

Бөбекжайдағы спорттық ойын-сауық балалар үшін мереке. Баланың өмірін көңілді ойын-сауықсыз, шулы мерекелерсіз, жарыстарсыз және қызықты ойындарсыз елестету мүмкін емес.«Таңшолпан» бөбекжайы» КМҚК –да балалардың денсаулығын күту – басым бағыттардың бірі. Жыл сайын өткізілетін денсаулық фестивальдері, спорттық жарыстар, дене шынықтыру іс-шаралары және бос уақытты өткізу балалардың салауатты өмір салтына көңілді, жеңіл және қуанышты түрде қосылуына көмектеседі. Қазақстан Республикасы күніне арналған «Мен, сен, ол,  біз дені сау елміз!» атты дене шынықтыру сабағы қызықты әрі қарқынды өтті. Жарыстар әр қатысушы өзінің күшін, ептілігін, жылдамдығын, дәлдігі мен тапқырлығын көрсете алатындай етіп жасалды. Сайыс соңында достық жеңіске жетті. Өйткені, бөбекжай – үлкен, тату отбасы, отбасында жеңілгендер жоқ. Ал ең бастысы жеңіс емес, қатысу. Іс-шара балаларға да, тәрбиешілерге де қуаныш сыйлады.

Новости