back-image
КГКП «Ясли-сад «Таңшолпан»

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГКП «Ясли-сад «Таңшолпан»
«Бірлігіміз жарасқанда, жеңілмеспіз»
30-04-2024 08:37
«Бірлігіміз жарасқанда, жеңілмеспіз»

Мамыр айының алғашқы күндерінде Қазақстан ең мейірімді де жарқын мерекелердің бірі – Қазақстан халқының Бірлік күнін тойлайды. Бұл 150-ден астам ұлт пен ұлыс тұратын елдің бейбіт өмір сүруіне аса қажет достық, түсіністік пен келісім мерекесі. Бұл халықтардың әрқайсысы біредей, бірақ Қазақстан аумағында олар біртұтас халық.

«Таңшопан» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында «Бірлігіміз жарасқанда, жеңілмеспіз» атты мерекелік іс-шара өтті! Бейбітшілік, достық, мейірімділік, сыйластық – бұл сөздер іс-шарада балалардың аузынан әртүрлі тілде және әртүрлі тәсілдермен айтылды. Мұндай мерекелер мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының қалыптасуына белсенді әсер етіп, адамгершілік-патриоттық сезімдерін қалыптастыруға ықпал етеді, балалардың өз дағдыларын, қабілеттерін, шығармашылық бастамаларын көрсетуге мүмкіндік береді, педагогикалық жұмысқа белгілі бір қорытынды жасайды.

Новости