back-image
КГКП «Ясли-сад «Таңшолпан»

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГКП «Ясли-сад «Таңшолпан»
Республика күнінің өткізілуі туралы
29-11-2023 16:25
Республика күнінің өткізілуі туралы

       «Таңшолпан» мектеп-бөбекжай кешенінде 2023 жылдың 24 қазан күні Республика күніне орай «Гүлдене бер, Республикам менің»  атты мерекелік ойын-сауық өткізілді. Іс-шараға  мектепалды  топтарының балалары қатысты.  Мерекелік іс-шара мынадай мақсаттарды көздеді: балалардың танымдық қызығушылығын арттыру, қазақстандық патриотизмге және өз Отанын сүюге тәрбиелеу. Іс-шара әнұран орындаудан басталды. Іс-шара барысында балалар Отан туралы қазақ және орыс тілдерінде тақпақтар оқып, «Отаным менің- Қазақстан» әнін орындады. Республика күні күзде өткендіктен Мерекеге Күз ханшайымы келіп, балаларды қуанышқа бөледі. Балалар әртүрлі музыкалық аспаптардан оркестр құрып, өз өнерлерімен қатысушыларды тамсандырды. Күз ханшайымына би билеп, ән айтты. Мерекелік іс-шара өте көңілді өтті.  

Новости