Барлық отбасы мүшелері салауатты өмір салтын ұстануы керек. Өйткені ата-ана баласына үлгі.
«Таңшолпан» мектеп-бөбекжай кешені» КММ-де «Еркетай» мектепалды даярлық тобында «Күзгі марафон» спорттық ойын-сауық өтті. Отбасылық спорттық ойын-сауыққа ересек қатысушылар ептілік, құмарлық және жеңіске деген ерік-жігері жағынан балалардан еш кем түспеді. Осындай ата-аналарға қарап, балаларының қандай спортшы болып өсетіні белгілі болады. Отбасылық команданы жеңіске деген ұмтылыс сияқты ештеңе біріктіре алмайды. Бұл мереке балалар мен олардың ата-аналарының есінде ұзақ сақталады.