«Жасөспірім және ата-ана: бір-бірін қалай естуге болады»
Мектептің ЦППР жұмысы аясында, сондай-ақ «Заң және тәртіп» айлығына арналған іс-шаралар шеңберінде 23 қаңтар күні педагог-психолог 7-сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына арналған «Жасөспірім және ата-ана: бір-бірін қалай естуге болады» тақырыбында тренинг өткізді.
Аталған іс-шара ата-аналар мен балалар арасындағы үйлесімді қарым-қатынасты қолдауға, эмоционалдық интеллектіні дамытуға және отбасы ішіндегі өзара байланысты нығайтуға бағытталды.