"Скулшутингтің алдын алу. Құмар ойындар, лудоманияны алдын алу"

Құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында Шахтинск қаласының жалпы орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында тиімді алдын алу жұмысын ұйымдастыру аясында 2024 жылғы 22 қаңтарда 7-11 сынып оқушылары арасында "Скулшутингтің алдын алу. Құмар ойындар, лудоманияны алдын алу" тақырыбында онлай дәріс-әңгімелер өткізілді.
Оқушыларға түсіндіру жұмыстарын Күштік ведомстволардың арнайы даярлау орталығының басшысы, " Қазақстан Республикасы джиу джитсу федерациясының президенті, халықаралық жекпе-жек өнері одағының басқарма төрағасы Суслов Денис Александрович және Шахтинск қаласы әкімі аппаратының құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Майдина Асия Исмагуловна жүргізді. Жалпы қамту 1240 оқушыны құрады.