Вакцинация туралы кейбір фактілер
Вакцинацияның пайдасы туралы тақырыпты жалғастырамыз, вакцинация туралы кейбір фактілерді келтіргіміз келеді:
* Вакцинация аурулардан қорғайды, адам өмірін сақтайды және денсаулық пен ұзақ өмір сүрудің кепілі болып табылады.
* Жұқпалы ауруларға қарсы вакцинация екпе алған адамның өзін ғана емес, айналасындағыларды да қорғауға мүмкіндік береді.
* Вакцинация ғана полиомиелит ауруын 99% төмендетуге мүмкіндік берді.
* Адам папилломавирусына (HPV) қарсы вакцинация жатыр мойны обырының 90%-на дейін алдын алады.
* АПВ вакцинасы тұрақты скринингпен бірге жатыр мойны обырының алдын алудың ең тиімді әдісі болып табылады.
* Қызылша - әлемдегі жұқпалылығы жоғары аурулардың бірі. Қызылша ауруының ең үлкен қаупі, өлімге дейін асқынулармен, вакцина алмаған жас балаларға қауіп төндіреді.
* Жүктілік кезінде қызамық инфекциясы ұрықтың өліміне немесе туа біткен ақауларға әкелуі мүмкін. Балалық шақтағы қызамыққа қарсы вакцинация адамға өмір бойы қорғаныс береді.
* В гепатитіне қарсы вакцина осы вирусты жұқтырудан және одан туындаған созылмалы ауру мен бауыр обырының дамуынан 95% қорғауды қамтамасыз етеді.
* Аралас вакциналарды қолдану – мысалы, көкжөтел, дифтерия және сіреспеге қарсы вакциналар (АКДС) емханаға баруды азайтып және инъекцияларды аз салу арқылы вакцинациялауға мүмкіндік береді, осылайша бала үшін стресс азаяды.
✅ Құрметті ата-аналар!
Егер сізде профилактикалық егулерді жүргізу қажеттілігіне күмәніңіз болса, бас тарту қағазына қол қоюға асықпаңыз. Жұқпалы аурудың қауіптілігі, вакцинация қажеттілігі мен маңызы, одан бас тартудың салдары туралы толық ақпарат жинаңыз.
Есіңізде болсын, жұқпалы аурулардың алдын алуда жалғыз құрал - ол вакцинация!