Мектеп формасын кию сыртқы келбетке деген талапшылдықты, мінез - құлықтың белгілі бір үлгісін қалыптастырады және қарым - қатынасқа сенімділік береді. Жаңа талаптар әлеуметтік теңсіздікті толықтай жояды, мемлекеттің зайырлы бағытқа ұмтылуына баса назар аударады, сонымен қатар балаларды тәртіпті етеді. Барлық жалпы білім беретін мектептерінде міндетті талаптардың бірі бірыңғай мектеп формасын кию болып табылады. ҚР білім және ғылым Министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығы, ҚР оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 534 «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығы және білім беру ұйымының Жарғысы бойынша мектеп формасын кию туралы шешім қабылданады. Қорғаншылық кеңестің келісімі бойынша мектеп директорының бұйрығымен оны кию тәртібі бекітіледі. Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. ҚО ББ «Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ басшысы Н.Онсович
Мектеп формасының маңыздылығы