Күзгі демалыс кезінде біздің сынып Қарағанды қаласындағы "Прыг-скок" батут орталығына барды
Күзгі демалыс кезінде біздің сынып Қарағанды қаласындағы "Прыг-скок" батут орталығына барды. Балалар түрлі батуттарда, көбік шұңқырында және спорт жолдарында белсенді уақытын өткізді. Көбісі нұсқаушының бақылауымен қарапайым акробатикалық элементтерді игерді. Қуаныш пен өзара қолдау атмосферасы орнады.